Хабарландыру

                                         Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер!

2025-2026 оқу жылына білім беру қызметтерінің бекітілген құнымен танысуды сұраймыз.
1. 2025-2026 оқу жылы үшін Орал қаласы РФММ КеАҚ филиалында оқу құны:

* 1 сыныпқа жаңадан түсушілер үшін – 2 100 000 теңге;
* 2–6 сыныптарға жаңадан түсушілер үшін – 1 800 000 теңге;
* 2–6 сыныптарда оқуды жалғастырушылар үшін – 1 800 000 теңге;
* 1-сыныпқа жаңадан қабылданған шетел азаматтары үшін — 3 100 000 теңге;
* 2–6-сыныптарда оқуын жалғастыратын шетел азаматтары үшін — 2 800 000 теңге.

2. Кіру жарнасының мөлшері оқу құнының 10% құрайды (тек жаңадан түсушілер үшін, сонымен қатар шетелдік азаматтар үшін).

3. Ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсету шарттарындағы төлем кестесі:
* Қайтарылмайтын, түсу жарнасы шарт жасалған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде енгізіледі (тек жаңадан түсушілер үшін, оның ішінде шетелдік азаматтар үшін);
* 1 транш — шарт жасалған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде;
* 2 транш — 2025 жылғы 15 тамызға дейін;
* 3 транш — 2025 жылғы 15 желтоқсанға дейін;
* 4 транш — 2026 жылғы 15 наурызға дейін.