РФММ оқушылары Мемлекет басшысының марапатына ие болды

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады.
Іс-шараға 24 лауреат қатысты:
4 алтын
11 күміс
9 қола
Оқушылар химия, математика, физика, география, информатика және биология пәндерінен жоғары нәтижелер көрсеткен.
Президент жас дарын иелерін білім саласындағы жеңістерімен құттықтап, еңбектеріне жоғары баға берді:
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығу, әлемдік жарыста жеңіске жету оңай емес. Білімге деген ұмтылыстың, нағыз еңбекқорлық пен табанды іс-әрекеттің арқасында осындай биікке шығып жатсыздар. Расында, дарынға ие болу, бұл – бақыт. Бірақ жай ғана еңбексіз дарын жетістіктің кепілі бола алмайды. Дарынның көзін ашу керек және оны толығымен пайдалана білу қажет. Әр жеңіс, әр медаль тынымсыз ізденіспен, маңдай термен, үздіксіз дайындықпен келеді», – деді Мемлекет басшысы. ✨
Марапатталғандардың қатарында «РФММ» КеАҚ Алматы филиалының оқушылары да бар:
Амир Сахипов – Австралия, Саншайн-Кост қаласында өткен халықаралық математика олимпиадасының күміс жүлдегері;
Максим Цой – Боливия, Сукре қаласында өткен информатикадан халықаралық олимпиаданың күміс медаль иегері.
Бұл олимпиадалар әлемдегі ең беделді білім сайыстарының қатарына жатады.
Физмат мектебі 2025 жылы 30-дан астам халықаралық білім додасында 120-дан артық медаль жеңіп алды.
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Футболдан мектепішілік жарыс
Бүгін мектебімізде 1-3 сынып оқушылары арасында футболдан мектепішілік жарыс ерекше атмосферада өтті. Жарыс «Jaiyq Arena» ұйымдастырылып, жас спортшылар ойын барысында ептілік, ұйымшылдық және…
2026 жылдың 18 сәуірінде НЗМ ДББҰ өткен Аймақтық робототехника олимпиадасында оқушыларымыз жоғары жетістіктерге қол жеткізді
2026 жылдың 18 сәуірінде НЗМ ДББҰ өткен Аймақтық робототехника олимпиадасында оқушыларымыз жоғары жетістіктерге қол жеткізді: FUTURE INNOVATORS ELEMENTARY категориясы бойынша 🥇 I орын –…
Хабарландыру
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына оқуға түсу үшін білім беру грантын алу мақсатындағы конкурстық іріктеу емтиханы 2026 жылғы 25 сәуір күні Қазақстанның аталған қалаларында өтеді. Алматы…
«Смарт КЕНГУРУ 2026»
🎉 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉 «Смарт КЕНГУРУ 2026» халықаралық математикалық байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір шешілген есеп – ақыл-парасат пен…
Тоғызқұмалақтан Орал қаласының жекелей чемпионаты
2026 жылдың 11-12 сәуір күндері Тоғызқұмалақтан Орал қаласының жекелей чемпионатында мектебіміздің оқушысы грамотамен марапатталып, облыстық чемпионатқа жолдама алды. Облыстық чемпионат 29 сәуір –…
Республикалық физика-математика мектебінің өкілдері Цифрлық үкіметті қолдау орталығымен жұмыс кездесуін өткізді.
Республикалық физика-математика мектебінің өкілдері Цифрлық үкіметті қолдау орталығымен жұмыс кездесуі өткізді. Цифрлық мемлекет үшін кадр даярлау университетке дейін, яғни мектеп деңгейінен басталады. Кездесу…
2026 жылдың 26-27 наурызы күндері Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Екатерина Николаевна Кошелева жүлделі II орынға ие болды!
2026 жылдың 26-27 наурызы күндері Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Екатерина Николаевна Кошелева…
20-24 наурыз аралығында Астана қаласында әуесқойлар арасында футзалдан өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Максотов Рауль Берікұлы өнер көрсеткен BARAKAT командасы 3-орын иеленді.
20-24 наурыз аралығында Астана қаласында әуесқойлар арасында футзалдан өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Максотов Рауль Берікұлы өнер көрсеткен BARAKAT командасы…
FEMO International VIII Халықаралық олимпиадасы
Бүгін мектебімізде FEMO International VIII Халықаралық олимпиадасының көктемгі кезеңі өтті. Биыл олимпиадаға әлемнің 17 елінен 3800-ден астам қатысушы қатысты. Олардың қатарында: Қазақстан, Тәжікстан,…
Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасындағы классика түрі бойынша өткен Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатында Қайыржанов Асет Бауыржанұлы 2-орын иеленді.
Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасындағы классика түрі бойынша өткен Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатында Қайыржанов Асет Бауыржанұлы 2-орын иеленді. Бұл жетістік –…





