Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Орал қ. филиалы
12
Nov
25

РФММ мұғалімдері АҚШ-та өткен халықаралық конференцияға қатысты



2024–2029 жылдарға арналған РФММ-нің даму Стратегиясында белгіленген екінші бағыт – мұғалімдердің жағдайын жақсарту болып табылады. Оның ішінде әсіресе ұстаздардың кәсіби өсуіне жағдай жасау ерекше назарда. Жақында мектептің NSCSS 2025 командасы Professional Conference халықаралық конференциясына қатысып қайтты. Іс-шара АҚШ-тың Солтүстік Каролина штаты, Роли қаласында өтті.
Төрт күн бойы қатысушылар STEM-білім беру, жасанды интеллект, инклюзивті оқыту және көшбасшылық тақырыптарындағы заманауи тәжірибелермен танысты. Конференция бағдарламасына дәрістер, тәжірибелік семинарлар, көрмелер және әр елден келген мұғалімдер арасындағы тәжірибе алмасу сессиялары кірді.

 

РФММ ұстаздары конференциядан жаңа идеялар алып, халықаралық байланыстар орнатты және білім беру процесін жетілдіру жолдарын үйренді. Сондай-ақ, мұғалімдердің кәсіби жағдайын жақсарту, инновациялық әдістерді енгізу және оқушыларға сапалы білім беру бағытындағы тәжірибелерді өз мектебімізде қолдану мүмкіндіктері зерделенді.

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    16
    Feb
    26

    CHAMPION’S AWARD 2ND RUNNER-UP

    CENTRAL ASIA FIRST CHAMPIONSHIP 2026 қорытындысы 🤩 2026 жылғы 10-13 ақпан аралығында Астана қаласындағы EXPO Халықаралық көрме орталығы базасында өткен республикалық “FIRST Robotics,…

      09
      Feb
      26

      Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына конкурстық іріктеу емтиханына тіркелу басталды!

      Хабарландыру! 🏫 Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына 📚 конкурстық іріктеу емтиханына тіркелу басталды! 📝 Емтиханға тіркелу тәртібі: 1️⃣ https://admissions.fizmat.kz/ сайтына кіріңіз 2️⃣ «Қалай түсуге…

        25
        Jan
        26

        «2 сұрақ және 1 ұсыныс»

        3 «D» сынып оқушылары дәстүрлі «2 сұрақ және 1 ұсыныс» форматындағы кезекті кездесуді мектеп директоры Азамат Маратович Керейбаевпен өткізді. Бұл бастама әр бейсенбі…

          19
          Jan
          26

          Kickboxing-тен Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты

          5D сынып оқушысы Арыстан Набиді kickboxing-тен Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионатында көрсеткен жетістігімен құттықтаймыз! Аталған жарыста ол kickboxing light contact бағдарламасы бойынша 30…

            16
            Jan
            26

            Ақтау қаласында өткен робототехника чемпионатының қорытындысы:

            Ақтау қаласында өткен робототехника чемпионатының қорытындысы: EINSTEINS командасы – “TEAM MODEL AWARD” номинациясы және Астана қаласында өтетін Орталық Азия чемпионатына жолдама алды. Оқушылар:…

              22
              Dec
              25

              «Ер есімі – ел есінде» атты қалалық байқауда 3 «А» сынып оқушысы Темирбеков Искандер жүлделі ІІ орынға ие болды.

              19 желтоқсан күні Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай Б.Момышұлы атындағы №46 ЖОББМ базасында өткен «Ер есімі – ел есінде» атты қалалық байқауда…

                22
                Dec
                25

                Біздің жас шахматшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! ♟️

                Біздің жас шахматшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! ♟️ Облыстық чемпионатта 8 жасқа дейінгі жас санатында оқушыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды: 2D…

                  15
                  Dec
                  25

                  Сапарова Гаухар Аблаевна орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге сапалы сараптама жүргізді

                  Мектебіміздің ұстазы Сапарова Гаухар Аблаевна орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге сапалы сараптама жүргізгені үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім…

                    09
                    Dec
                    25

                    “БІЛІМ  БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ” 

                    ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ! 🤗 Мектебіміздің ұстазы Онбаева Махида Амергалиевна Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін “БІЛІМ  БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ”  төсбелгісімен марапатталды🏆…

                      09
                      Dec
                      25

                      Байқау тесті басталды!

                      Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…