РФММ институционалдық аккредиттеуден өтті

Жаңа жыл қарсаңында мектебіміз үшін айрықша маңызды әрі қуанышты жаңалық белгілі болды.
Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің Аккредиттеу кеңесі РФММ-ге 5 жыл мерзімге институционалдық аккредиттеу беру туралы оң шешім қабылдады.
Аталған аккредиттеу алғаш рет өткізіліп, мектеп қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша жан-жақты сыртқы сараптаманы қамтыды. Бағалау нәтижелері білім беру сапасының белгіленген стандарттарға толық сәйкестігін, басқару жүйесінің тиімділігін, білім беру бағдарламаларының сапасын, сондай-ақ білім алушылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жоғары деңгейде қамтамасыз етілгенін растады.
Бұл жетістік – өтіп бара жатқан жылдың ең маңызды қорытындыларының бірі әрі бүкіл мектеп қауымдастығының жүйелі, үйлесімді және мақсатты еңбегінің нәтижесі. Атап айтқанда, әкімшілік ұжымның, педагогтер мен қызметкерлердің, білім алушылар мен ата-аналардың бірлескен жауапкершілігі мен ынтымақтастығы бұл табысқа тікелей үлес қосты.
Барша мектеп қауымдастығын осы елеулі жетістікпен құттықтаймыз!
Алдағы жылда да сенімді даму жолын жалғастырып, биік мақсаттарға бірге қол жеткіземіз деп сенеміз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
«Ер есімі – ел есінде» атты қалалық байқауда 3 «А» сынып оқушысы Темирбеков Искандер жүлделі ІІ орынға ие болды.
19 желтоқсан күні Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай Б.Момышұлы атындағы №46 ЖОББМ базасында өткен «Ер есімі – ел есінде» атты қалалық байқауда…
Біздің жас шахматшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! ♟️
Біздің жас шахматшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! ♟️ Облыстық чемпионатта 8 жасқа дейінгі жас санатында оқушыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды: 2D…
Сапарова Гаухар Аблаевна орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге сапалы сараптама жүргізді
Мектебіміздің ұстазы Сапарова Гаухар Аблаевна орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге сапалы сараптама жүргізгені үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім…
“БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ”
ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ! 🤗 Мектебіміздің ұстазы Онбаева Махида Амергалиевна Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін “БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ” төсбелгісімен марапатталды🏆…
Байқау тесті басталды!
Республикалық физика-математика мектебінің 7-сыныбына түсуді жоспарлап жүрген барлық оқушылар үшін байқау тестінің алғашқы нұсқасы жарияланды. Байқау тесті барлық оқушылар үшін қолжетімді. Тест онлайн…
VIII Fizmat Elementary Math Olympiad (FEMO) халықаралық олимпиадасының қысқы кезеңі
FEMO (Fizmat Elementary Math Olympiad) — Республикалық физика-математика мектебі мен Астана қаласындағы Fizmat Academy жүзеге асырып отырған авторлық халықаралық білім жобасы. Биыл бұл…
XXVI Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі!
2025 жылдың 20 желтоқсанында төмендегі пәндер бойынша оқушыларға арналған онлайн-іріктеу өтеді: Математика (6–8 сынып) Физика (7–8 сынып) Информатика (6–8 сынып) Олимпиаданың мақсаты: талантты…
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р
Республикалық физика-математика мектебі 2026–2027 оқу жылына оқушыларды 7-сыныптарға қабылдауға арналған конкурстық іріктеу бойынша маңызды мерзімдердің бекітілгенін хабарлайды. 6-сынып оқушыларына арналған қабылдау емтиханына онлайн тіркелу 2026…

