12
Jun
25

Әлем елдерінің басын біріктірген FEMO Әзербайжанда өтті



📍 Бастауыш сынып оқушыларына арналған VII FEMO International Халықаралық математика олимпиадасының финалдық кезеңі биыл Бакуде өтті.
Аталған білім сайысының ақтық кезеңіне «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның Астана және Орал қалаларындағы филиалдарынан 140 оқушы қатысып, 84 медаль 🥇🥈🥉 иеленді!

📚 FEMO олимпиадасы үш кезеңнен тұрады. 2024–2025 оқу жылында ұйымдастырылған алғашқы екі (қысқы ❄️ және көктемгі 🌸) іріктеу кезеңіне 6 000-нан астам оқушы қатысып, нәтижесінде 437 оқушы финалға жолдама алды.

🌍 Финалға Қазақстан 🇰🇿, Әзербайжан 🇦🇿, Германия 🇩🇪, Грузия 🇬🇪, Индонезия 🇮🇩, Ұлыбритания 🇬🇧, Ресей 🇷🇺, Тәжікстан 🇹🇯 және Қырғызстан 🇰🇬 елдерінен дарынды жас математиктер келіп, білімдерін сынға салды.

🏫 Финал Oxbridge Academy мектебінің базасында өтті. Қазылар алқасы қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін ерекше атап өтті ✅

📸 Олимпиада бағдарламасы аясында екі кезеңдік жарыстан бөлек, қатысушылар Бакудің тарихи орындарына саяхат жасап 🕌, елдің мәдениетімен танысты 🎭

🎯 FEMO-ның басты миссиясы — бастауыш сынып оқушылары арасында математиканы насихаттау 🔢, сондай-ақ халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту 🤝

🇰🇿 Олимпиаданы ұйымдастыру ісіне Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігі, Oxbridge Academy мектебі және Xezer Media Merkezi үлкен қолдау білдірді.

FEMO — Республикалық физика-математика мектебімен жүзеге асырылып отырған ауқымды жоба.
Биыл жетінші рет ұйымдастырылған бұл олимпиада жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен ең талантты жас математиктерді бір арнаға тоғыстыратын маңызды халықаралық білім алаңына айналды 🌐📐

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    08
    Sep
    25

    Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу

    ✅ Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударды. Президент атап өткендей, экономиканы жан-жақты жаңғырту ең алдымен адам капиталын…

      15
      Aug
      25

      РФММ мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды

      РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Темірлан Қайратұлы Сатылхановқа білім беру саласындағы жетістіктері мен…

        15
        Aug
        25

        Ұстаздардың тамыз конференциясы – 2025

        Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысты. Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбымен өтті. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңға…

          07
          Aug
          25

          РФММ — чемпиондар мектебі: Алматы РФММ – әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды!

          2025 жылғы 2-6 тамызда АҚШ-тың Александрия қаласында мектеп командалары арасында шахматтан Әлем чемпионаты өтті. Чемпионаттың басты ерекшелігі — әр команда бір мектептің оқушыларынан…

            07
            Jul
            25

            РФММ оқушылары Мемлекет басшысының марапатына ие болды

            Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады. ‍‍ Іс-шараға 24 лауреат қатысты: 4 алтын 11 күміс 9 қола…

              02
              Jun
              25

              Fizmat Chess Open 2025

              Орал қаласындағы “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалында “Fizmat Chess Open 2025” – ашық қалалық шахмат турнирі ұйымдастырылды. Турнирге 100-ге жуық 1-6 сынып оқушылары …

                15
                May
                25

                18 мамырда Орал қаласы “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалында Fizmat Chess Open 2025 ашық қалалық шахмат турнирі өтеді.

                ♟️18 мамырда Орал қаласы “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалында Fizmat Chess Open 2025 ашық қалалық шахмат турнирі өтеді. Турнир 1-6 сынып оқушылары арасында…

                  13
                  May
                  25

                  World Robot Olympiad – 2025

                  5А сынып оқушылары Алимбетов Азиз пен Габдулов Амир «World Robot Olympiad – 2025» жарысының Robo Mission Elementary категориясында II орын иеленді! Жетекшісі –…

                    02
                    May
                    25

                    1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!

                    Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…

                      02
                      May
                      25

                      Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)

                      Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания) 20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл. Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10…