Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық
физика-математика мектебі Орал қ. филиалы
02
Feb
25

Орал қаласындағы КеАҚ РФММ филиалы үшін жаңалық – жаңа ғимараттың ашылуы!



Жаңа мектеп – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Орал қаласындағы КеАҚ РФММ филиалы үшін жаңалық – жаңа ғимараттың ашылуы!

Жаңа ғимарат – жайлылығымен ғана жаңалық емес. Бұл оқу-тәрбие үрдісін үлкен мүмкіндіктерге жетелейтін жаңалық!

Мектептің жаңа ғимаратының ерекшеліктерімен және алдағы жоспарлар жайлы білу мақсатында «РФММ» КеАҚ Орал қаласындағы филиалының директоры Азамат Маратұлы Керейбаевты сұхбатқа тартқан едік.

Қайырлы күн, Азамат Маратұлы! Жаңа ғимараттың ашылуы құтты болсын! «Жаңа» деген сөздің өзі-ақ көп дүниеден мағлұмат береді. Десек те, Оралдағы жаңа Республикалық физика-математика мектебінің ерекшелігіне тоқталып өтсеңіз. Жаңа ғимарат оқушылар үшін қандай мүмкіндіктерге жол ашады деп ойлайсыз?

— Шынында да өзгерістер өте көп. Біріншіден, біз мектептің аумағын айтарлықтай ұлғайттық, бұл оқу үрдісін қолайлы жағдайда жүргізуге мүмкіндік береді. Атап айтар болсақ, шахмат пен тоғызқұмалақ ойындарына арналған жеке кабинеттер ашылды. Сондай-ақ робототехника және информатика пәндерін заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, мамандандырылған кабинеттерде жүргізуге қол жеткіздік. Қазақ және ағылшын тілдерін тиімді оқыту мақсатында оларға да арнайы сыныптар қарастырдық.  Барлық сынып интерактивті панельдермен жабдықталған, бұл оқытуды заманауи үлгіде өткізуге ғана емес, сонымен қатар балалардың білімге деген құштарлығын оятуға да айтарлықтай оң ықпал етеді.

— Жаңа ғимаратқа көшу жаңа мақсаттарға жетелеп, жаңа жоспарлар да құрып үлгерген боларсыздар?

Әрине, дұрыс айтасыз. Оқу үрдісін барынша нәтижелі ету үшін үнемі ізденісте болуымыз шарт. Болашақта біз де өз мүмкіндіктерімізді одан әрі кеңейтуді қалаймыз. Басты назар 1-6 сынып аралығындағы балаларды оқытуда болып қала береді. Қазір бізде 1-5 сынып аралығын қамтитын 14 сынып жинағы бар.

Алдағы уақытта үстел ойындарының бірнеше түрін алып, ұстаздар мен оқушылардың демалып, серуендеуіне арналған орындарды жұмсақ, жайлы орындықтармен жабдықтауды, үстел теннисі, футбол, хоккей ойындарына арналған үстелдерді де орнатуды жоспарлап отырмыз.

Біз тек оқу үшін ғана жақсы жағдай жасап қана қоймай, балалардың денсаулығын жақсартуға яғни олардың оқуды ерекше  ынтамен жалғастыруына арналған жағдай жасауды да өз міндетіміз деп санаймыз.

— Оқушылар мен ата-аналар жаңа ғимараттың қандай артықшылықтарын жоғары бағалап отыр?

Біздің оқушылар мен ата-аналар Физмат мектебіндегі білім берудің жоғары сапасы мен инновациялық оқыту әдістерін қашанда ерекше жоғары бағалайды. Ал, жаңа ғимарат бойынша айтар болсақ, жаңа мектептегі дәліздердің кеңдігі, сынып бөлмелерінің жарық әрі жайлы болуы, үстел ойындарына арналған жайлы орындар әрине оқушылар мен ата-аналардың көңілінен шықты. Сыныптардың жақсы жабдықталуы және мектептің қолайлы жерде орналасуы да басты артықшылықтың бірі.

— Білуімізше, мектептің жаңа ғимараты 4 қабаттан тұрады. Осы тұста әрине  қауіпсіздік мәселесіне де тоқталып өтпесек болмайды. Мектептегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қалай қарастырылған?

Балалардың қауіпсіздігі – қашанда басты орында. Мектепте бейнебақылау камералары мен баспалдақтардың айналасында периметр бойынша қауіпсіздік торлары бар. Face ID жүйесі де орнатылған.

Жаңа ғимаратта балалардың өсіп-дамуына барынша мол жағдай жасалып, бұл мектеп – оларды жаңа белестерге шабыттандыратын білім ордасына айналатындығына сенімдіміз.

Мағыналы да мәнді сұқбатыңызға көп рахмет. Мектептің жаңа ғимараты жаңа мүмкіндіктерге жол аша берсін деп тілейміз!

 

 

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    09
    Apr
    26

    Республикалық физика-математика мектебінің өкілдері Цифрлық үкіметті қолдау орталығымен жұмыс кездесуін өткізді.

    Республикалық физика-математика мектебінің өкілдері Цифрлық үкіметті қолдау орталығымен жұмыс кездесуі өткізді. Цифрлық мемлекет үшін кадр даярлау университетке дейін, яғни мектеп деңгейінен басталады. Кездесу…

      01
      Apr
      26

      2026 жылдың 26-27 наурызы күндері Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Екатерина Николаевна Кошелева жүлделі II орынға ие болды!

      2026 жылдың 26-27 наурызы күндері Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Екатерина Николаевна Кошелева…

        22
        Mar
        26

        20-24 наурыз аралығында Астана қаласында әуесқойлар арасында футзалдан өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Максотов Рауль Берікұлы өнер көрсеткен BARAKAT командасы 3-орын иеленді.

        20-24 наурыз аралығында Астана қаласында әуесқойлар арасында футзалдан өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Максотов Рауль Берікұлы өнер көрсеткен BARAKAT командасы…

          15
          Mar
          26

          FEMO International VIII Халықаралық олимпиадасы

          Бүгін мектебімізде FEMO International VIII Халықаралық олимпиадасының көктемгі кезеңі өтті. Биыл олимпиадаға әлемнің 17 елінен 3800-ден астам қатысушы қатысты. Олардың қатарында: Қазақстан, Тәжікстан,…

            18
            Feb
            26

            Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасындағы классика түрі бойынша өткен Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатында Қайыржанов Асет Бауыржанұлы 2-орын иеленді.

            Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасындағы классика түрі бойынша өткен Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатында Қайыржанов Асет Бауыржанұлы 2-орын иеленді. Бұл жетістік –…

              16
              Feb
              26

              CHAMPION’S AWARD 2ND RUNNER-UP

              CENTRAL ASIA FIRST CHAMPIONSHIP 2026 қорытындысы 🤩 2026 жылғы 10-13 ақпан аралығында Астана қаласындағы EXPO Халықаралық көрме орталығы базасында өткен республикалық “FIRST Robotics,…

                09
                Feb
                26

                Fizmat Chess Open 2026 2026 жылғы 11 сәуірде «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ Орал қаласындағы филиалында халықаралық шахмат турнирі өтеді.

                Fizmat Chess Open 2026 2026 жылғы 11 сәуірде «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ Орал қаласындағы филиалында халықаралық шахмат турнирі өтеді. Турнирге 1-6 сынып оқушылары…

                  25
                  Jan
                  26

                  «2 сұрақ және 1 ұсыныс»

                  3 «D» сынып оқушылары дәстүрлі «2 сұрақ және 1 ұсыныс» форматындағы кезекті кездесуді мектеп директоры Азамат Маратович Керейбаевпен өткізді. Бұл бастама әр бейсенбі…

                    19
                    Jan
                    26

                    Kickboxing-тен Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты

                    5D сынып оқушысы Арыстан Набиді kickboxing-тен Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионатында көрсеткен жетістігімен құттықтаймыз! Аталған жарыста ол kickboxing light contact бағдарламасы бойынша 30…

                      16
                      Jan
                      26

                      Ақтау қаласында өткен робототехника чемпионатының қорытындысы:

                      Ақтау қаласында өткен робототехника чемпионатының қорытындысы: EINSTEINS командасы – “TEAM MODEL AWARD” номинациясы және Астана қаласында өтетін Орталық Азия чемпионатына жолдама алды. Оқушылар:…