Математика, физика және информатика пәндері бойынша мұғалімдер мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларының VII Халықаралық ашық шығармашылық байқауы – IMPACT Olympiad

Құрметті достар!
“Республикалық физика-математика мектебі” коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен математика, физика және информатика пән мұғалімдері менолимпиадалық резервінің жаттықтырушыларының IMPACT Olympiad VII Халықаралық ашық шығармашылық байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізеді, ол кәсіби құзыреттерді оңтайлы меңгеруді көрсететін талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер мен жаттықтырушыларды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу мақсатында өткізіледі.⭐
Байқау 2025 жылдың 13-17 қаңтар аралығында өтеді (ОНЛАЙН және ОФЛАЙН форматта).
Қазақстан және шет елдер мектептерінің мұғалімдері мен жаттықтырушылары шақырылады.
Байқауға қатысу ерікті және жасырын болып келеді. Әр қатысушыға жеке код беріледі, ол арқылы ол өз нәтижелерін біле алады. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ғана жарияланады. Байқау Астана қаласында математика, физика және информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы кезінде өткізіледі.
Қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 30000 теңге
❗Тіркелу үшін нысанды 2024 жылғы 30 желтоқсанға дейін толтыруды сұраймыз https://clck.ru/3EXLQA
Олимпиаданың алдын ала бағдарламасы:
• 13.01 — Олимпиаданы және Халықаралық Жәутіков олимпиадасын тіркеу, ашу
• 13.01 — 19.00 – онлайн қатысушыларға және информатика бойынша қатысушыларға арналған техникалық тур-жаттықтырушылар мен мұғалімдер үшін
• 14.01 — 9.00(Астана уақыты) – математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларына арналған олимпиада
• 15.01 — 15.00-19.00 (Астана уақыты) – үйлестіру.
• 15.01 — жабылу
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қ., “Республикалық физика-математика мектебі” коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Тел. +77051180291
Олимпиада сайты: http://impact.izho.kz/
E-mail: gulnur.aubakirova@fizmat.kz
WhatsApp бойынша сұрақтар –
+ 7-705-118-02-91 олимпиаданың ұйымдастыру комитеті
Төлем реквизиттері:
Некоммерческое Акционерное Общество «Республиканская физико-математическая школа»
Республика Казахстан, г. Астана, пр. Мәңгілік ел, 55/23
БИН 941240001210
АО «Народный Банк Казахстана»
ИИК KZ146017131000052888
БИК HSBKKZKX
КБЕ 18
КНП 861
Төлем мақсаты – Аудару мақсаты: IMPACT-2025 қатысу үшін тіркеу алымы
Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
«Алтын сақа» олимпиадасында жүлделі II орын!
2025 жылғы 12 сәуірде өткен облыстық «Алтын сақа» олимпиадасында 5 «А» сынып оқушысы Хайруллина Айсара жүлделі II орынға ие болды! Жетекшісі – математика…
«Смарт КЕНГУРУ 2025» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ!
«Смарт КЕНГУРУ 2025» халықаралық математикалық байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір шешілген есеп – ақыл-парасат пен еңбектің жемісі….
VII Халықаралық FEMO олимпиадасының көктемгі туры
VII Халықаралық FEMO олимпиадасының көктемгі туры
Емтихан алдында бланк жаттығуы
Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Негізгі емтиханға қатыспас бұрын жауап парағын толтыру тәртібімен алдын ала танысып, жаттығу жүргізуді сұраймыз. Жауап парағын дұрыс толтыру ережелері:…
«NatRoboCom-2025» роботтық техника жарысының «Робо арқан тартыс (8-12 жас)» категориясы бойынша жүлделі III орын!
Мектебіміздің 5A сынып оқушылары Алимбетов Азиз және Габдулов Амирді облыстық «NatRoboCom-2025» роботтық техника жарысының «Робо арқан тартыс (8-12 жас)» категориясы бойынша жүлделі III…
Шахматтан оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлделі 3-орын!
3B сынып оқушысы Мұстахимұлы Ибраһимді шахматтан оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлделі 3-орын алуымен шын жүректен құттықтаймыз! 🏆♟️
«Үздік жыл психологі» республикалық конкурсында жүлделі 3 орын!
2025 жылдың 12-14 наурыз аралығында Алматы қаласында білім беру ұйымдарының психологтері арасында өткен «Үздік жыл психологі» республикалық конкурсында мектебіміздің педагог-психологы Камила Еркінқызы Кабиден…
СENTRAL ASIA FIRST CHAMPIONSHIP
21-23 ақпан күндері Алматы қаласында робототехникадан “Central Asia First Championship”республикалық чемпионаты өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша мектебіміздің “Fizmat” командасы: 🏆 FIRST LEGO League Explore…
Қазақстан Республикасының шорт-трек чемпионатындағы үздік нәтижелер!
5D сынып оқушысы Уалиахмет Назарды шорт-трек спортынан Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында көрсеткен жетістіктерімен құттықтаймыз! Чемпионат нәтижелері: – “Эстафета”– 1 орын 🥇…