«Ақбозат» шахмат жарысында оқушыларымыз қола жүлде иеленді!

Ұлттық мектеп лига жарыстарында шахматтан зор жетістікке жеткен оқушыларымызды құттықтаймыз!
Ұлттық мектеп лига жарыстарының облыстық кезеңінде 5-6 сыныптар арасында «Ақбозат» шахмат ойынынан мектебіміздің оқушылары жалпы командалық есепте III орынды иеленді. Жарысқа қатысқан оқушыларымыз — Ғабдулов Әмір (5 А сыныбы), Қаби Есет (5 D сыныбы), Мұрат Марғұлан (5 D сыныбы) және Хайруллина Айсара (5 А сыныбы) — өзінің шеберлігі мен ынтымақтастығын көрсетіп, аталған жетістікке қол жеткізді.
Ғабдулов Әмір жарыс қорытындысы бойынша жеке есепте қола жүлдегер атанды. Әмірдің стратегиялық ойлауы мен айқын жеңіс жолы бұл жарыстағы ең үлкен жетістік болды.
Бұл жеңіс — оқушыларымыздың тынымсыз еңбегінің, зейін қойып дайындалуының және бір-біріне қолдау көрсетуінің нәтижесі. Олардың табандылығы мен жеңіске деген құштарлығы біздің мектебіміздің намысын жоғары деңгейде қорғауға мүмкіндік берді.
Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Осы тамаша жетістік — олардың білім мен еңбектің шыңына жетуге деген ұмтылысын айқын көрсетеді. Болашақта бұдан да биік белестерге жетуге тілектеспіз!
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
Емтихан алдында бланк жаттығуы
Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Негізгі емтиханға қатыспас бұрын жауап парағын толтыру тәртібімен алдын ала танысып, жаттығу жүргізуді сұраймыз. Жауап парағын дұрыс толтыру ережелері:…
«NatRoboCom-2025» роботтық техника жарысының «Робо арқан тартыс (8-12 жас)» категориясы бойынша жүлделі III орын!
Мектебіміздің 5A сынып оқушылары Алимбетов Азиз және Габдулов Амирді облыстық «NatRoboCom-2025» роботтық техника жарысының «Робо арқан тартыс (8-12 жас)» категориясы бойынша жүлделі III…
Шахматтан оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлделі 3-орын!
3B сынып оқушысы Мұстахимұлы Ибраһимді шахматтан оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлделі 3-орын алуымен шын жүректен құттықтаймыз! 🏆♟️
«Үздік жыл психологі» республикалық конкурсында жүлделі 3 орын!
2025 жылдың 12-14 наурыз аралығында Алматы қаласында білім беру ұйымдарының психологтері арасында өткен «Үздік жыл психологі» республикалық конкурсында мектебіміздің педагог-психологы Камила Еркінқызы Кабиден…
СENTRAL ASIA FIRST CHAMPIONSHIP
21-23 ақпан күндері Алматы қаласында робототехникадан “Central Asia First Championship”республикалық чемпионаты өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша мектебіміздің “Fizmat” командасы: 🏆 FIRST LEGO League Explore…
Қазақстан Республикасының шорт-трек чемпионатындағы үздік нәтижелер!
5D сынып оқушысы Уалиахмет Назарды шорт-трек спортынан Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында көрсеткен жетістіктерімен құттықтаймыз! Чемпионат нәтижелері: – “Эстафета”– 1 орын 🥇…
Халықаралық каратэ турнирінде жүлделі III орын
1 D сынып оқушысы Ақжол Тәңірхан Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен Каратэден WKF XXIV – AKTOBE OPEN Халықаралық турнирінде…
“Zerdeli” Олимпиадалық академиясы!
“Zerdeli” Олимпиадалық академиясы қалалық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз! Мектебіміздің оқушылары өз білімдерін, табандылығын және командалық рухын көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды: 3-орын – 4D…
Орал қаласындағы КеАҚ РФММ филиалы үшін жаңалық – жаңа ғимараттың ашылуы!
Жаңа мектеп – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады Орал қаласындағы КеАҚ РФММ филиалы үшін жаңалық – жаңа ғимараттың ашылуы! Жаңа ғимарат – жайлылығымен ғана…
Практик-психологтарға арналған байқау жүлдегері!
Мектебіміздің педагог-психологы Кабиден Камила «Иматон» институтының 35 жылдығына орай өткізілген практик-психологтарға арналған эссе байқауында жүлдегер атанды! Бұл байқау – өз тәжірибесімен, ой-толғамдарымен және…