02
Feb
25

Орал қаласындағы КеАҚ РФММ филиалы үшін жаңалық – жаңа ғимараттың ашылуы!



Жаңа мектеп – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Орал қаласындағы КеАҚ РФММ филиалы үшін жаңалық – жаңа ғимараттың ашылуы!

Жаңа ғимарат – жайлылығымен ғана жаңалық емес. Бұл оқу-тәрбие үрдісін үлкен мүмкіндіктерге жетелейтін жаңалық!

Мектептің жаңа ғимаратының ерекшеліктерімен және алдағы жоспарлар жайлы білу мақсатында «РФММ» КеАҚ Орал қаласындағы филиалының директоры Азамат Маратұлы Керейбаевты сұхбатқа тартқан едік.

Қайырлы күн, Азамат Маратұлы! Жаңа ғимараттың ашылуы құтты болсын! «Жаңа» деген сөздің өзі-ақ көп дүниеден мағлұмат береді. Десек те, Оралдағы жаңа Республикалық физика-математика мектебінің ерекшелігіне тоқталып өтсеңіз. Жаңа ғимарат оқушылар үшін қандай мүмкіндіктерге жол ашады деп ойлайсыз?

— Шынында да өзгерістер өте көп. Біріншіден, біз мектептің аумағын айтарлықтай ұлғайттық, бұл оқу үрдісін қолайлы жағдайда жүргізуге мүмкіндік береді. Атап айтар болсақ, шахмат пен тоғызқұмалақ ойындарына арналған жеке кабинеттер ашылды. Сондай-ақ робототехника және информатика пәндерін заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, мамандандырылған кабинеттерде жүргізуге қол жеткіздік. Қазақ және ағылшын тілдерін тиімді оқыту мақсатында оларға да арнайы сыныптар қарастырдық.  Барлық сынып интерактивті панельдермен жабдықталған, бұл оқытуды заманауи үлгіде өткізуге ғана емес, сонымен қатар балалардың білімге деген құштарлығын оятуға да айтарлықтай оң ықпал етеді.

— Жаңа ғимаратқа көшу жаңа мақсаттарға жетелеп, жаңа жоспарлар да құрып үлгерген боларсыздар?

Әрине, дұрыс айтасыз. Оқу үрдісін барынша нәтижелі ету үшін үнемі ізденісте болуымыз шарт. Болашақта біз де өз мүмкіндіктерімізді одан әрі кеңейтуді қалаймыз. Басты назар 1-6 сынып аралығындағы балаларды оқытуда болып қала береді. Қазір бізде 1-5 сынып аралығын қамтитын 14 сынып жинағы бар.

Алдағы уақытта үстел ойындарының бірнеше түрін алып, ұстаздар мен оқушылардың демалып, серуендеуіне арналған орындарды жұмсақ, жайлы орындықтармен жабдықтауды, үстел теннисі, футбол, хоккей ойындарына арналған үстелдерді де орнатуды жоспарлап отырмыз.

Біз тек оқу үшін ғана жақсы жағдай жасап қана қоймай, балалардың денсаулығын жақсартуға яғни олардың оқуды ерекше  ынтамен жалғастыруына арналған жағдай жасауды да өз міндетіміз деп санаймыз.

— Оқушылар мен ата-аналар жаңа ғимараттың қандай артықшылықтарын жоғары бағалап отыр?

Біздің оқушылар мен ата-аналар Физмат мектебіндегі білім берудің жоғары сапасы мен инновациялық оқыту әдістерін қашанда ерекше жоғары бағалайды. Ал, жаңа ғимарат бойынша айтар болсақ, жаңа мектептегі дәліздердің кеңдігі, сынып бөлмелерінің жарық әрі жайлы болуы, үстел ойындарына арналған жайлы орындар әрине оқушылар мен ата-аналардың көңілінен шықты. Сыныптардың жақсы жабдықталуы және мектептің қолайлы жерде орналасуы да басты артықшылықтың бірі.

— Білуімізше, мектептің жаңа ғимараты 4 қабаттан тұрады. Осы тұста әрине  қауіпсіздік мәселесіне де тоқталып өтпесек болмайды. Мектептегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қалай қарастырылған?

Балалардың қауіпсіздігі – қашанда басты орында. Мектепте бейнебақылау камералары мен баспалдақтардың айналасында периметр бойынша қауіпсіздік торлары бар. Face ID жүйесі де орнатылған.

Жаңа ғимаратта балалардың өсіп-дамуына барынша мол жағдай жасалып, бұл мектеп – оларды жаңа белестерге шабыттандыратын білім ордасына айналатындығына сенімдіміз.

Мағыналы да мәнді сұқбатыңызға көп рахмет. Мектептің жаңа ғимараты жаңа мүмкіндіктерге жол аша берсін деп тілейміз!

 

 

Айдарлар

    Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:

    26
    Apr
    25

    2025-2026 оқу жылына білім беру қызметтерінің бекітілген құнымен танысуды сұраймыз.

    Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер! 2025-2026 оқу жылына білім беру қызметтерінің бекітілген құнымен танысуды сұраймыз. 2025-2026 оқу жылы үшін Орал қаласы РФММ КеАҚ филиалында оқу…

      26
      Apr
      25

      Қабылдау емтиханы 27 cәуір күні өтеді

                                                   …

        26
        Apr
        25

        «Алтын сақа» олимпиадасында жүлделі II орын!

        2025 жылғы 12 сәуірде өткен облыстық «Алтын сақа» олимпиадасында 5 «А» сынып оқушысы Хайруллина Айсара жүлделі II орынға ие болды! Жетекшісі – математика…

          24
          Apr
          25

          «Смарт КЕНГУРУ 2025» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ!

          «Смарт КЕНГУРУ 2025» халықаралық математикалық байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір шешілген есеп – ақыл-парасат пен еңбектің жемісі….

            23
            Apr
            25

            VII Халықаралық FEMO олимпиадасының көктемгі туры

            VII Халықаралық FEMO олимпиадасының көктемгі туры

              21
              Apr
              25

              Емтихан алдында бланк жаттығуы

              Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Негізгі емтиханға қатыспас бұрын жауап парағын толтыру тәртібімен алдын ала танысып, жаттығу жүргізуді сұраймыз. Жауап парағын дұрыс толтыру ережелері:…

                17
                Mar
                25

                «NatRoboCom-2025» роботтық техника жарысының «Робо арқан тартыс (8-12 жас)» категориясы бойынша жүлделі III орын!

                Мектебіміздің 5A сынып оқушылары Алимбетов Азиз және Габдулов Амирді облыстық «NatRoboCom-2025» роботтық техника жарысының «Робо арқан тартыс (8-12 жас)» категориясы бойынша жүлделі III…

                  17
                  Mar
                  25

                  Шахматтан оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлделі 3-орын!

                  3B сынып оқушысы Мұстахимұлы Ибраһимді шахматтан оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлделі 3-орын алуымен шын жүректен құттықтаймыз! 🏆♟️

                    17
                    Mar
                    25

                    «Үздік жыл психологі» республикалық конкурсында жүлделі 3 орын!

                    2025 жылдың 12-14 наурыз аралығында Алматы қаласында білім беру ұйымдарының психологтері арасында өткен «Үздік жыл психологі» республикалық конкурсында мектебіміздің педагог-психологы Камила Еркінқызы Кабиден…

                      17
                      Mar
                      25

                      СENTRAL ASIA FIRST CHAMPIONSHIP

                      21-23 ақпан күндері Алматы қаласында робототехникадан “Central Asia First Championship”республикалық чемпионаты өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша мектебіміздің “Fizmat” командасы: 🏆 FIRST LEGO League Explore…