Панина Оксана Анатольевна

  • О преподавателе:

    Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі “педагог-модератор” біліктілігіне ие, Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің үшінші (базалық деңгей) бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен (Орал қ., 2012 ж.); «Ғылыми-зерттеу жаңалықтар лагері» атты білім беру курсынан өткен (Куала-Лумпур қ., Малайзия, 2014 ж.); педагог қызметкерлеріне арналған «STEM оқытудағы инновациялар» (Сан-Франциско қ., АҚШ, 2015 ж.) және «Мектептер мен университеттердің білім беру зерттеулерін жүргізу мақсатындағы ынтымақтастық» (School-University Partnership for Educational Research-SUPER) (Кембридж қ., Ұлыбритания, 2018 ж.) тақырыбындағы тағылымдамаларға қатысқан; WALS халықаралық конференциясына қатысушы (2020 ж.); Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Иванов оқулары» шеңберінде мастер-класс өткізген (Орал қ., 2021 ж.); НЗМ өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқан (Орал қ., 2020, 2021 жж.); «Fulbright Teaching Excellence and Achievement Media Literacy Program at the University of Wisconsin» білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған (Мэдисон қ., АҚШ, 2023 ж.); «CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults)» курсынан өткен (Алматы қ., 2024 ж.); «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының орта білім мазмұнын жаңарту тәжірибесі аясында NIS-Programme білім беру бағдарламасына сәйкес 10-сыныптарға арналған «Биология» пәні бойынша жүйелі-әдістемелік кешен материалдарын (ағылшын тілінде) және «Online Mektep» қашықтан оқыту жобасы аясында 7 және 10-сыныптарға арналған Биология пәні бойынша білім беру контентін әзірлеуге қатысқан.

  • Образование:
    • Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті. Бакалавриат: «Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын және француз тілдері)» мамандығы (Орал қ.);
    • Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті. Бакалавриат: «Химия және биология мұғалімі» мамандығы (Орал қ.);
    • Назарбаев Университеті, Білім Мектебі, «Білім берудегі көшбасшылық» мамандығы бойынша магистратура (Астана қ.).
  • Награжден(а):
    • БҚО Білім басқармасының Құрмет грамотасы (2016 ж.);
    • Зияткерлік мектептердің қалыптасуына қосқан үлесі үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның 10 жылдығына арналған мерейтойлық белгі (2017 ж.);
    • Батыс Қазақстан облысы педагогикалық шеберлік орталығы филиалының әдістемелік орталығынан ағылшын тілі бойынша курстардан өткен пән мұғалімдеріне тағылымдама жүргізуге қатысқаны үшін алғыс хат (2019 ж.);
    • «Online Mektep» жобасы аясында 7 және 10-сыныптарға арналған «Биология» пәні бойынша білім беру контентін әзірлеуге қатысқаны үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ Білім беру бағдарламалары орталық директорының алғыс хаты (2021 ж.);
    • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ Басқарма төрағасының алғыс хаты (2021 ж.).