«РФММ» КеАҚ Орал қаласындағы филиалы
«РФММ» КеАҚ Орал қаласындағы филиалы Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауымен 2022 жылы ашылды.
Басты мақсат – жергілікті өңірдің зияткерлік әлеуетін көтеру, сапалы білім алу қолжетімділігін арттыру.
Бүгінгі таңда «РФММ» КеАҚ-нің Орал қаласындағы филиалында 1-5 сынып аралығындағы 14 сынып-жиынтығы бар.
Оқушы саны 281 білім алушыны құрайды.
Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Оқыту бағдарламасы мемлекеттік стандартқа және мектептің қосымша бағдарламасына негізделген.
Атап айтар болсақ: «Сингапур математикасы», «Геометрия негіздері», «Олимпиадалық математика», «Логика», «Шахмат», «Саналы оқу», «Робототехника», «Тоғызқұмалақ» қосымша сабақтары қарастырылған.
Аталған пәндердің мазмұны білім алушыларға математиканы терең оқып-білуге, логикалық және стандарттан тыс ойлай білуге, профильдік пәнді тереңдете оқып-білуге мүмкіндік береді.
РФММ-ның басты ерекшелігі – мектеп өңірдегі дарынды балаларды анықтап, оларды дамытуға ерекше ден қояды.
Мектеп міндеттері:
- мемлекеттің, қоғамның, оқушылар мен олардың ата-аналарының сұранысына сай, оқудың келесі кезеңдерінің сәтті жалғасын табуына ықпал ететін сапалы білім беруді қамтамасыз ету;
- әртүрлі біліктіліктерді, соның ішінде оқу-танымдық, коммуникациялық, ақпараттық, сондай-ақ жауапкершілік және шешім қабылдау сынды негізгі біліктіліктерді дамыту үшін жағдай жасау:
- білім алушылар мен олардың ата-аналарының қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сүйене отырып, олардың сұраныстарын қанағаттандыру;
- әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделу дағдыларын дамыту;
- білім алушылардың әлеуметтік, психологиялық және физикалық дамуына және нығаюына ықпал ету.
Мектеп тарихы
-
2022
«РФММ» КеАҚ Орал қаласындағы филиалы Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауымен 2022 жылы ашылды.