Кітапхана
Кітапхана
Кітапхана оқу үдерісінде маңызды рөл атқарады, оқушылар мен мұғалімдерді оқу, ғылыми және дамытушы материалдармен қамтамасыз етеді. Кітапхананың негізгі міндеттері – оқу қызметін қолдау, оқырман мәдениетін дамыту және ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру.
РФММ кітапханасы- оқу мен ғылыми ізденістерге арналған маңызды бөлім. Ол оқушылар мен мұғалімдерді қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етіп, олардың танымдық және зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Мектеп кітапханасында түрлі тақырыптарда іс-шаралар өткізіледі. «Менің сүйікті кітабым», «Қарттар күніне – қазына қариялар», «Оқырман отбасы», «Демалыста кітап оқимыз», «Кітап – келешек көпірі» сияқты шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Тәуелсіздік және Наурыз мерекелеріне арналған көрмелер де өткізіледі.
Мектебіміз физика-математика бағытындағы бейінді оқытуға бағытталған. Кітапхана қоры осы ерекшелікке толық сәйкес келеді және оқушыларды жаратылыстану цикліндегі пәндерді тереңдетіп оқуға қажетті оқу және әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етеді.
Мектеп оқушылары Орал қаласындағы кітапханаларға барып, түрлі іс-шараларға және кітап көрмелеріне қатысып тұрады. Бұл олардың білімін кеңейтіп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады.
РФММ кітапханасы кез келген қолдауды қуана қабылдайды. Оның ішінде сыйға берушілер ұсынған кітаптар да бар. Бұл кітаптар оқушылар мен қызметкерлердің игілігіне ұсынылады. Кітапхана қорына кітаптарды кітап авторлары, қалалық кітапханашылар және мектеп қонақтары сыйлайды. Бұл мектеп ұжымы мен оқырмандардың ортақ үлесі әрі рухани байлықты арттыруға қосқан үлкен еңбек. Мектеп кітапханасы оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және оқу орнының бағыты мен міндеттеріне толық сәйкес келеді.Осылайша, мектеп кітапханасы оқу үдерісін сапалы қолдайды, оқырман мәдениетін, зерттеу және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытады және заманауи білім беру ортасының талаптарына толық жауап береді.