Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)

Оксфордтағы жазғы білім беру бағдарламасы (Ұлыбритания)
20 шілде – 3 тамыз 2025 жыл.
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) Fizmat Academy орталығымен бірлесе отырып, 8–10 сынып оқушыларын әлемнің ең беделді білім ордаларының бірі – Оксфорд қаласында өтетін ерекше жазғы бағдарламаға қатысуға шақырады.
Бұл жай ғана тіл курсы ғана емес – бұл әр қадамда білім, дәстүр және биік мақсаттар тоғысатын университет қаласының ерекше атмосферасына толық ену. Сіздерді қызу оқу күндері, халықаралық деңгейдегі қарым-қатынас және Ұлыбританияның мәдениетімен терең танысу күтеді.
Бағдарламаға не кіреді:
- Oxford International Study Centre бағдарламасындағы оқу;
- Халықаралық топтардағы аптасына 15 сағаттық ағылшын тілі сабағы;
- Қосымша 7,5 сағат – математика, жаратылыстану ғылымдары және IELTS емтиханына дайындық сабақтары.
Тұру түрлері:
- Оксфорд университетінің жатақханасы (жеке бөлме, жуынатын бөлмесімен);
- Британдық отбасында (екі-үш адамдық бөлмелер).
- Таңғы және кешкі ас (екі нұсқада да қамтылған);
- Күн сайынғы түрлі іс-шаралар, сенбі сайын экскурсиялар: Лондон, Кембридж, Брайтон;
- Бағдарлама соңында арнайы сертификат;
- Қалалық көлік картасы және трансфер қамтылған.
Бағасы: £2170, ұшу билеті мен виза бөлек төленеді.
Неліктен бару керек:
Бұл бағдарлама ағылшын тілінің деңгейін көтеруге ғана емес, сонымен қатар сыни ойлау, топпен жұмыс жасау және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Барлығы – халықаралық академиялық ортада өтеді.
Қатысуға өтініш беру және сұрақтар бойынша:
Жанна Жунусова +77019981988
Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
РФММ мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды
РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев РФММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Темірлан Қайратұлы Сатылхановқа білім беру саласындағы жетістіктері мен…
Ұстаздардың тамыз конференциясы – 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысты. Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбымен өтті. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңға…
РФММ — чемпиондар мектебі: Алматы РФММ – әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды!
2025 жылғы 2-6 тамызда АҚШ-тың Александрия қаласында мектеп командалары арасында шахматтан Әлем чемпионаты өтті. Чемпионаттың басты ерекшелігі — әр команда бір мектептің оқушыларынан…
РФММ оқушылары Мемлекет басшысының марапатына ие болды
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады. Іс-шараға 24 лауреат қатысты: 4 алтын 11 күміс 9 қола…
Әлем елдерінің басын біріктірген FEMO Әзербайжанда өтті
📍 Бастауыш сынып оқушыларына арналған VII FEMO International Халықаралық математика олимпиадасының финалдық кезеңі биыл Бакуде өтті.Аталған білім сайысының ақтық кезеңіне «Республикалық физика-математика мектебі»…
Fizmat Chess Open 2025
Орал қаласындағы “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалында “Fizmat Chess Open 2025” – ашық қалалық шахмат турнирі ұйымдастырылды. Турнирге 100-ге жуық 1-6 сынып оқушылары …
18 мамырда Орал қаласы “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалында Fizmat Chess Open 2025 ашық қалалық шахмат турнирі өтеді.
♟️18 мамырда Орал қаласы “Республикалық физика-математика мектебі” КеАҚ филиалында Fizmat Chess Open 2025 ашық қалалық шахмат турнирі өтеді. Турнир 1-6 сынып оқушылары арасында…
World Robot Olympiad – 2025
5А сынып оқушылары Алимбетов Азиз пен Габдулов Амир «World Robot Olympiad – 2025» жарысының Robo Mission Elementary категориясында II орын иеленді! Жетекшісі –…
1–10 сынып оқушыларын Халықаралық IFSS Junior Turkey 2025 жазғы мектебіне шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі (РФММ) мен Fizmat Academy орталығы бірлесе отырып, Түркия елінде оқушыларға арнап қызықты демалыс ұйымдастырады Балаңызға оқу, теңіз, жаңа достар және…
2025 жыл – Қабылдау емтиханы
«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалдарының 7-сыныбында оқу үшін білім беру грантын тағайындау бойынша конкурстық іріктеу 2025 жылғы 27 сәуірде ұйымдастырылды. 2025 жылғы 15…