Хабарландыру

                                         Құрметті ата-аналар/заңды өкілдер!

2026-2027 оқу жылына білім беру қызметтерінің бекітілген бағасымен танысуды сұраймыз.

«РФММ» КеАҚ филиалдарындағы білім беру қызметтерінің бағасы 2026 жылғы 23 сәуірдегі Басқарма отырысының № 08 хаттамасымен қабылданған шешімге сәйкес бекітілді.

2026-2027 оқу жылы үшін Орал қаласы РФММ КеАҚ филиалында оқу құны:

1 – 2 сыныптар үшін – 2 300 000 теңге;
3 – 6 сыныптар үшін – 2 000 000 теңге;
1-2 сыныптарда оқитын шетел азаматтары үшін – 3 300 000 теңге;
3-6 сыныптарда оқитын шетел азаматтары үшін – 3 000 000 теңге.

Кіру жарнасының мөлшері оқу құнының 10% құрайды (тек жаңадан түсушілер үшін, оның ішінде шетел азаматтарын қоса алғанда).

Ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсету шарттарындағы төлем кестесі:

 Қайтарылмайтын, түсу жарнасы шарт жасалған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде енгізіледі (тек жаңадан түсушілер үшін, оның ішінде шетелдік азаматтар үшін);
 1 транш — шарт жасалған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде;
2 транш — 2026 жылғы 15 тамызға дейін;
3 транш — 2026 жылғы 15 қарашаға дейін;
4 транш — 2027 жылғы 15 наурызға дейін.