Орал қаласындағы КеАҚ РФММ филиалы үшін жаңалық – жаңа ғимараттың ашылуы!

Жаңа мектеп – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Орал қаласындағы КеАҚ РФММ филиалы үшін жаңалық – жаңа ғимараттың ашылуы!
Жаңа ғимарат – жайлылығымен ғана жаңалық емес. Бұл оқу-тәрбие үрдісін үлкен мүмкіндіктерге жетелейтін жаңалық!
Мектептің жаңа ғимаратының ерекшеліктерімен және алдағы жоспарлар жайлы білу мақсатында «РФММ» КеАҚ Орал қаласындағы филиалының директоры Азамат Маратұлы Керейбаевты сұхбатқа тартқан едік.
— Қайырлы күн, Азамат Маратұлы! Жаңа ғимараттың ашылуы құтты болсын! «Жаңа» деген сөздің өзі-ақ көп дүниеден мағлұмат береді. Десек те, Оралдағы жаңа Республикалық физика-математика мектебінің ерекшелігіне тоқталып өтсеңіз. Жаңа ғимарат оқушылар үшін қандай мүмкіндіктерге жол ашады деп ойлайсыз?
— Шынында да өзгерістер өте көп. Біріншіден, біз мектептің аумағын айтарлықтай ұлғайттық, бұл оқу үрдісін қолайлы жағдайда жүргізуге мүмкіндік береді. Атап айтар болсақ, шахмат пен тоғызқұмалақ ойындарына арналған жеке кабинеттер ашылды. Сондай-ақ робототехника және информатика пәндерін заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, мамандандырылған кабинеттерде жүргізуге қол жеткіздік. Қазақ және ағылшын тілдерін тиімді оқыту мақсатында оларға да арнайы сыныптар қарастырдық. Барлық сынып интерактивті панельдермен жабдықталған, бұл оқытуды заманауи үлгіде өткізуге ғана емес, сонымен қатар балалардың білімге деген құштарлығын оятуға да айтарлықтай оң ықпал етеді.
— Жаңа ғимаратқа көшу жаңа мақсаттарға жетелеп, жаңа жоспарлар да құрып үлгерген боларсыздар?
Әрине, дұрыс айтасыз. Оқу үрдісін барынша нәтижелі ету үшін үнемі ізденісте болуымыз шарт. Болашақта біз де өз мүмкіндіктерімізді одан әрі кеңейтуді қалаймыз. Басты назар 1-6 сынып аралығындағы балаларды оқытуда болып қала береді. Қазір бізде 1-5 сынып аралығын қамтитын 14 сынып жинағы бар.
Алдағы уақытта үстел ойындарының бірнеше түрін алып, ұстаздар мен оқушылардың демалып, серуендеуіне арналған орындарды жұмсақ, жайлы орындықтармен жабдықтауды, үстел теннисі, футбол, хоккей ойындарына арналған үстелдерді де орнатуды жоспарлап отырмыз.
Біз тек оқу үшін ғана жақсы жағдай жасап қана қоймай, балалардың денсаулығын жақсартуға яғни олардың оқуды ерекше ынтамен жалғастыруына арналған жағдай жасауды да өз міндетіміз деп санаймыз.
— Оқушылар мен ата-аналар жаңа ғимараттың қандай артықшылықтарын жоғары бағалап отыр?
Біздің оқушылар мен ата-аналар Физмат мектебіндегі білім берудің жоғары сапасы мен инновациялық оқыту әдістерін қашанда ерекше жоғары бағалайды. Ал, жаңа ғимарат бойынша айтар болсақ, жаңа мектептегі дәліздердің кеңдігі, сынып бөлмелерінің жарық әрі жайлы болуы, үстел ойындарына арналған жайлы орындар әрине оқушылар мен ата-аналардың көңілінен шықты. Сыныптардың жақсы жабдықталуы және мектептің қолайлы жерде орналасуы да басты артықшылықтың бірі.
— Білуімізше, мектептің жаңа ғимараты 4 қабаттан тұрады. Осы тұста әрине қауіпсіздік мәселесіне де тоқталып өтпесек болмайды. Мектептегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қалай қарастырылған?
Балалардың қауіпсіздігі – қашанда басты орында. Мектепте бейнебақылау камералары мен баспалдақтардың айналасында периметр бойынша қауіпсіздік торлары бар. Face ID жүйесі де орнатылған.
Жаңа ғимаратта балалардың өсіп-дамуына барынша мол жағдай жасалып, бұл мектеп – оларды жаңа белестерге шабыттандыратын білім ордасына айналатындығына сенімдіміз.
Мағыналы да мәнді сұқбатыңызға көп рахмет. Мектептің жаңа ғимараты жаңа мүмкіндіктерге жол аша берсін деп тілейміз!

Сізге қызықты болуы мүмкін өзге де жаңалықтар:
XXVI Ашық Қалалық Жәутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі!
2025 жылдың 20 желтоқсанында төмендегі пәндер бойынша оқушыларға арналған онлайн-іріктеу өтеді: Математика (6–8 сынып) Физика (7–8 сынып) Информатика (6–8 сынып) Олимпиаданың мақсаты: талантты…
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р
Республикалық физика-математика мектебі 2026–2027 оқу жылына оқушыларды 7-сыныптарға қабылдауға арналған конкурстық іріктеу бойынша маңызды мерзімдердің бекітілгенін хабарлайды. 6-сынып оқушыларына арналған қабылдау емтиханына онлайн тіркелу 2026…
Президент қазақстандық әлем чемпиондары — шахматшылармен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас шахмат чемпиондарымен кездесіп, олардың Қазақстанның халықаралық аренадағы спорттық беделін арттырудағы рөлін ерекше атап өтті. Кездесуге қатысқандардың қатарында — 16…
Оксфордта оқыған РФММ мұғалімдері — жаңа белестерде!
2024–2029 жылдарға арналған «РФММ даму Стратегиясын» жүзеге асыру аясында және ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында Алматы, Астана және Орал қалаларының мұғалімдері Oxford International Study…
VIII Халықаралық FEMO International олимпиадасына қатысуға шақырамыз!
Республикалық физика-математика мектебі оқушыларды VIII Халықаралық FEMO International олимпиадасына шақырады!(Fizmat Elementary Math Olympiad) ✏️ ✨ FEMO International – ең жылдам дамып келе жатқан…
«2 сұрақ және 1 ұсыныс»
Бүгін 4 «А» сынып оқушылары дәстүрге айналған «2 сұрақ және 1 ұсыныс» айдары аясында мектеп директоры Азамат Маратович Керейбаевпен кезекті кездесуді өткізді. Бұл…
ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына тіркелу басталды!
2026 жылғы 10–15 қаңтар аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZhO–2026) өтеді. Бұл беделді білім сайысы…
РФММ мұғалімдері АҚШ-та өткен халықаралық конференцияға қатысты
2024–2029 жылдарға арналған РФММ-нің даму Стратегиясында белгіленген екінші бағыт – мұғалімдердің жағдайын жақсарту болып табылады. Оның ішінде әсіресе ұстаздардың кәсіби өсуіне жағдай жасау…
Сіздерді VIII Халықаралық FEMO International Математика Олимпиадасының Қысқы турына қатысуға шақырамыз.
Олимпиада 2025 жылғы 7 желтоқсанда өтеді. Олимпиада тілдері: ағылшын, қазақ, орыс, грузин, неміс немесе ұйымдастырушы елдің сұранысы бойынша басқа тіл. Ұйымдастыру жарнасы –…
Жас шахматшыларымызды құттықтаймыз! ♟️
Қала чемпионатында 8 жасқа дейінгі жас санатында біздің оқушылар тамаша нәтиже көрсетті: 2F Батаева Амира – қыздар арасында 🥇орын, 2D Мендигалиев Абдукарим –…