Шаяхметова София Октябриновна

- Мұғалім туралы:
Жоғары білікті санаттағы математика пәнінің мұғалімі.
2007 жылдан бастап облыс математика мұғалімдерінің шығармашылық және эксперттік топтарының белсенді мүшесі. «Математика» пәні бойынша оқу материалдарын, тапсырмаларды және бағдарламаларды әзірлеуге және сараптауға қатысады.
2017 жылдан бері – оқулықтарды сараптау жөніндегі республикалық сараптамалық комиссияның мүшесі. 9-сыныптарға арналған қорытынды аттестаттау тапсырмаларын әзірлейтін облыстық топтың жетекшісі. 2016 жылдан бастап – білім мазмұнын жаңарту, математикалық сауаттылықты және цифрлық құзыреттіліктерді дамыту бағдарламалары бойынша ПШО-ның шақырылған жаттықтырушысы.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Математика» пәні бойынша Типтік оқу бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. Математика мұғалімдері съезінің делегаты (2022 ж.).
- Білімі:
1984 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірді. 2013 жылы Педагогикалық шеберлік орталығының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша оқудан өтті.
- Марапатталды:
«Астананың 20 жылдығы» медалі (2018 ж.). ПШО, ҚР БҒМ, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарының иегері (2016–2023 жж.).